
Ата-аналар назарына!
Баянауыл ауданының «Барлығына бірдей қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасы іске асыратын жол картасы аясында «Шағала» балабақшасының бүлдіршіндерінің ата-аналарға арналған консультациялық пункт бастау алды.
Біздің балабақша баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде ата-анамен бірлесіп, өзара тығыз байланыста. Жалпы баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар. Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда «Шағала» балабақшасында ата-аналарға арналған консультациялық пункт ашылды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт – бұл ең бірінші бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастық , балабақшаға бармайтын үйдегі тәрбиедегі балаларды ортаға тарту, жанұямен өзара қарым-қатынасты орнату сияқты жұмыстар атқарады.
АКП жұмысында — педагогикалық, медициналық сауықтыру, психологиялық педагогикалық бағыттарын қамтиды.
Ата-аналарға арналған консультациялық пунктті ұйымдастырудың формалары: жеке, топаралық, топтық.
Ұйымдастырушылық. АКП-ға тілек білдірген ата-аналарды қамтиды.
Үйретушілік. Ата-анамен жүйелі жұмыс жасау.
Қорытындылаушы. Баламен психологиялық-педагогикалық жұмыс қорытындысын шығару.
1. Сауалнама жүргізу — бала мен отбасы туралы төмендегі бөлімдер бойынша деректер алуды қарастырады, бала туралы жалпы мәлімет, анамнестикалық деректер, отбасының баланың дамуына әсері, отбасының мамандармен ынтымақтастыққа дайындығы сипаттамасы.
2.Лекциялық-ағартушылық жұмыс мынадан тұрады– тәрбиенің нақты жағдайларында баламен әрекеттестіктің әртүрлі формаларын қолдану бойынша ұсыныстар;
— отбасы жағдайында психологиялық-педагогикалық жәрдем беру.
3. Көрнекілік-ақпараттық жұмыс-тақырыптық кітаптар көрмесі, ақпараттық стенділер, ата-аналармен жиналыс өткізу.
Байланыс телефондары:
Балабақша басшысы Ақбет Әсемгүл Ақбетқызы (8 705 503 2939)
Жұмыс нөмірі: 2-20-03.